Пуэрто-Рико елі Америка Құрама Штаттарының 51-штаты болуға ниетті деседі. Сол рас па?
Айман, Талдықорған
Пуэрто-Рико тұрғындары АҚШ-қа қатысты өздерінің мәртебесін өзгертіп, Американың 51-штаты болуға мүддлеі болып отыр. Бұл үшін Пуэрто-Рикода референдум өткізіліп, екі маңызды мәселе талқыға түсті: архипелагтің саяси мәртебесі мен оның жаңа саяси құрылымын айқындау. Бірінші мәселе бойынша сайлаушылардың 54 пайызы АҚШ-қа қатысты мәртебесін түбегейлі өзгертуді жақтады. Ал саяси құрылымды өзгертуге байланысты Пуэрто-Рико сайлаушыларының 61 пайызы АҚШ-тың 51-штаты болуды қолдап дауыс берген. Архипелаг тұрғындарының 33 пайызы АҚШ-пен ассоциативті егеменді одақта қалуды құп көрсе, 5 пайызы толық тәуелсіздікке қол жеткізуді аңсайды екен. 1898 жылы АҚШ-қа еркін ассоциативті мемлекет ретінде қосылған Пуэрто-Риконың АҚШ-пен қарым-қатынасына қатысты кез-келген өзгерістер Конгрестің мақұлдауымен жасалады. Пуэрто-Риконың АҚШ-тың өз-өзін басқаратын аймағы деген мәртебесі бар, ал тұрғындары – АҚШ азаматтары. Бірақ АҚШ-тағы сайлауларға қатыса алмайды.
Пуэрто-Рико АҚШ-тың 51-штаты бола ма?
Последние статьи автора