Православ христиандары мен католиктердің айқыштарында неліктен айырмашылық бар?
Қадиша Ғаниқызы, Алматы облысы
Католиктік айқыштың төрт ұшы бар, оны «Рим айқышы» деп те атайды. Батыс елдерінің көпшілігі осы төрт ұшты айқышты символ ретінде пайдаланады. Айқыш ағашқа таңып жазалау римдіктерден қалған әдіс болатын. Ал православтік айқыштың сегіз ұшы болады. Інжілде Иса пайғамбардың төрт ұшы бар айқышты Голгофуге дейін сүйреп барғаны жазылады. Алайда Исаны ағашқа таңғаннан кейін оның аяқтарын матау үшін қосымша айқыш тақтай қағылады. Сондай-ақ Исаның басынан жоғары тұсына жазаланушының айыбы жазылған тағы бір тақтайша қосылады. Православтардың айтуынша, тек осындай символ ғана тарихи шындыққа сай әрі әділдік болып саналады. Себебі Иса осындай сегіз басты айқышқа таңылған.
Православтар мен католиктердің айқыштары неге әртүрлі?
Последние статьи автора