«Плеймейкер» деген сөз қалай аударылады?

Осы футболда шабуылды өрбітіп отыратын ойыншыны плеймейкер дейді. Бұл сөз қандай мағынаны білдіреді? Қай елдің сөзі? Нақты қалай аударылады?
Файза Әміртаева,
Астана қаласы
Плеймейкер – ағылшын сөзі. Тікелей ау­дар­ғанда, play – ойын, ал maker – ұйым­дас­ты­рушы, құрушы деген мағынаны білдіреді.
Жасыл алаңда команданың ойынын үйлестіріп отыратын ойыншыны плеймейкер деп атайды. Мұндай ойыншылар коман­да­ны алға сүйреп, ойынын үйлестіріп, шабуы­лын өрбітіп отырады. Әлбетте, команданың қалған ойыншылары осындай футболшыға арқа сүйеп, допты көбінесе соған беріп, ойын өрнегін сол арқылы «ширатады».
Мұндай ойыншылардың бірі ретінде әйгілі Зиданды ілтипатпен атап өтуге бола­ды. Әрине, қазіргі әлем футболында осын­дай көптеген ойын үйлестірушілер бар. Олар­дың бәрін тізіп шықпай-ақ қояйық. Мұндай ойыншы бізде де бар. Мысалы, біздің жастар арасындағы құрамамыздың плеймейкері – Бауыржан Исламхан. Оның ойын өрнегіне жақында Санкт-Петербургте өткен «Достастық кубогында» өзіміз де, өзгелер де тәнті болдық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста