Жуырда газеттеріңізден Алматыда коммуналдық пәтерлерді жекешелендірудің жаңа ережесі шыққанын оқып білдім. Ал баспананы жекеменшікке өткізу үшін қандай құжаттар қажет?
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтерлерді сатып алу арқылы жекешелендіру үшін төмендегі құжаттар талап етіледі:
– өтініш;
– ордердің түпнұсқасы мен көшірмесі;
– пәтердің техникалық құжаты мен Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтың қорытындысы;
– жұмыс орнының анықтамасы;
– әлеуметтік жағынан қорғалуы тиіс категорияға қатысы туралы анықтама;
– азаматтарды тіркеу кітабы;
– жеке және туу туралы куәліктердің түпнұсқасы мен көшірмесі;
– отбасының кәмелетке толмаған мүшелерінің жылжымайтын мүлік меншігі бар-жоғы туралы Халыққа қызмет көрсету орталығы берген анықтама.
Қажет болған жағдайда басқа да қосымша құжаттар талап етілуі мүмкін.