Пәтер сатып алмастан бұрын оны қалай тексеруге болады

Пәтер сатып алмастан бұрын оны қалай тексеруге болады

Екінші нарықтағы пәтерлерді сатып алмастан бұрын қандай жайттарды ескерген жөн? Бұл сұраққа жауапты Нурфин материалынан оқыңыз.

 

Үй сатып алу туралы келісімшарт жасасу кезінде кейбір жайттарға ерекше назар аударғаныңыз жөн:

 

мүліктің және оның иесінің құжаттарының заңға сәйкес келуі,

келісімшарттың заңға сәйкес келуі,

тұрғын үйдің физикалық жағдайы және оның құжаттарға сәйкестігі.

 

Сатып алушы осы жайттардың бәрін мұқият тексеріп алғаны абзал. Өйтпеген жағдайда, ақшаңыздан да, жаңа баспанаңыздан да айырылып қалуыңыз ғажап емес.

 

Жылжымайтын мүлікті иесінен сатып алмастан бұрын оны қалай тексеру қажеттігін жан-жақты қарастырып көрейік.

 

Құжаттарды тексеру

 

Үйді сатып алу кезінде оның құжаттарына назар аудару қажет. Жылжымайтын мүлік құжаттарының заңдылығына қатысты ешқандай қиындықтар жоқтығына көз жеткізген абзал.

 

Ол үшін сізге құқық белгілеуші құжаттарды сұрату қажет. Яғни, бұл сатушының үйі расымен оған тиесілі екенін растайтын құжат.

 

Мұндай құжаттардың қатарына келесілер жатады:

 

сатып алу-сату,

айырбастау немесе сыйға тарту келісімшарты,

тұрғын үйді жекешелендіру туралы келісімшарт,

мұраға ие болу құқы туралы куәлік.

 

Сонымен қатар, сіз өз мүддеңізді қорғау үшін сатушының үйіне қатысты өзге де қожайындардың болу-болмауын, құжаттардың сәйкестігін, кепілзаттың болмауын және т.б. нақтылап алуыңыз керек.

 

Мәселен, егер үй иесі жұбайына ескертусіз үй сатса, онда мұндай келісімшарт болашақта дау тудыруы мүмкін.

 

Сатып алушы үшін мұндай жағдай кейін қиындықтар тудыруы ғажап емес. Сол себепті, міндетті түрде құжаттардың түпнұсқаларын, қолданыстағы анықтамаларды және мүлікке қатысты өзге де құжаттарды сұрату қажет.

 

Әдетте нотариус меншік құқығын растауға және деректерді тексеруге қатысты жұмыстардың көп бөлігін өз мойнына алады.

 

Келісімшарт мәтінінде сату, төлем жасау, салым енгізу, аванстық төлем және тағы басқалары нақты жазылуы керек.

 

Келісімшартқа қол қоймастан бұрын оны қайтадан мұқият оқып шығуыңыз қажет. Егер сізде сұрақтар туындаса, адвокатпен кеңесуге болады.

 

Ақшаға, мүлікке қатысты әр іс-әрекет нотариалды куәландырумен жүзеге асырылуы керек.

 

Мүлікті физикалық тұрғыдан тексеру

 

Жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде оның жай-күйін мұқият тексеру қажет.

 

Тұрғын үйде жасырын ақаулар болуы мүмкін.

 

Мәселен, үй заңсыз қайта жоспарланған болуы мүмкін:

 

көтергіш қабырғаны бұзу,

есіктің орнын ауыстыру немесе көтергіш құрылымда жаңа саңылаулар жасау,

лоджияны бөлмемен біріктіру және т.б.

 

Ас үйді немесе жуынатын бөлмелерді басқа бөлмеге ауыстыру да қайта жоспарлау болып табылатынын ескеру қажет.

 

Сонымен қатар газбен жабдықталған бір бөлмелі пәтердегі жатын бөлмені ас үймен біріктіру - яғни ас үй студиясын құру да қайта жоспарлауға жатады.

 

Бұған ерекше мән берілуінің өз себебі бар. Мәселе қауіпсіздік талаптарына келіп тіреледі: газ жатын бөлмесінде болмауы керек.

 

Нәтижесінде мұндай қайта жоспарлаулар қосымша шығындарға, соның ішінде заңсыз қайта жоспарлауға салынатын айыппұлдарға әкелуі мүмкін.

 

Сондықтан, тұрғын үйдің техникалық паспортын сұрату және мүліктің заңға қайшы тұстары жоқ екендігін тексеру өте маңызды.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста