Мені еліміздегі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тағдыры толғантады. Жақында шетелдік журналдардың бірінен Еуропада жыл сайын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санының артып келе жатқаны жөнінде дерек оқыдым. Ал біздің еліміздегі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны қанша?
Марал БАЙҚАДАМОВА, Талғар қаласы
Қуанышқа орай, біздің елімізде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны Еуропамен салыстырғанда керісінше, жыл өткен сайын кеміп келеді екен. Мәселен, 2006 жылы елімізде 51 294 бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалса, 2007 жылы бұл статистика 48 456-ны құраған. Ал 2008 жылы 46 126 болып, 2009 жылы тағы да кеміген үстіне кеміп, 42 494-ке жеткен. Ал өткен жылы 38 386 бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалған. Еліміздегі панасыз қалған балалар туралы ресми дерек осылай дейді. Статистика көрсетіп отырғандай, панасыз қалған балалар санының жыл өткен сайын азайып келе жатқаны байқалады.
Панасыз қалған балалардың саны қанша?
Последние статьи автора