Пациент құқығын қорғаудың 6 әдісі қандай

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының негізгі міндеттерінің бірі - пациенттің құқығын қорғау. Осыған байланысты қор сарапшылары медициналық көмектің сапасына мониторинг жүргізеді, сондай-ақ науқасқа не себептен қызмет көрсетілмегенін тексереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Медициналық ұйымда қызмет көрсетуге қатысты түсініспеушілік туындаса, көбіне азаматтар пациент ретінде өз құқығын қорғау үшін қайда жүгіну керек екенін білмейді.

Сондықтан қор «пациент құқықығын қорғаудың 6 тәсілі» деген жадынама-кеңес дайындады:

- Мәселені жылдам шешу үшін мән-жайды сол жерде түсінуге тырысыңыз. Ол үшін әрбір медициналық ұйымда пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі жұмыс істейді. Ол медициналық қызметтің сапасын, олардың толықтығын және стандарттарға сәйкестігін бақылау үшін құрылған.

Бұл қызмет медициналық ұйымдағы медициналық көмектің сапасына және клиникалық қызметке ішкі талдау жүргізеді, медициналық қызмет көрсету стандарттары мен тәртіптің бұзылуын анықтайды. Сондай-ақ, азаматтардан келген өтініш, шағымдарды қарайды.

Сондықтан, уақыт жоғалтпай бірден пациентті қолдау қызметіне хабарласып, жағдайды сол жерде шешуге, көмек пен ақпарат алуға болады.

- Егер пациентті қолдау қызметі түйіткілді шеше алмаса және сіздің мәселеңіз медициналық көмекті ұйымдастыруға қатысты болса, онда облыстық не қалалық денсаулық сақтау басқармасының байланыс орталығына жүгініңіз. Барлық медициналық ұйым денсаулық сақтау басқармасына қарасты, сондықтан байланыс орталығының қызметкерлері ұйымға тікелей хабарласып, мәселені шешуге ықпал ете алады.

- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кері байланыс үшін бірнеше арна бар. Мысалы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы (Play Market және App Store орнатуға болады) өтініш қалдыруға болады.

Өтінішке нөмір беріледі, содан кейін өңдеуге алынады. Оны қор мамандары қарайды. Олар медициналық ұйыммен байланысқа шығып, ақпарат сұратады, медициналық көмек көрсету немесе көрсетуден бас тарту себептерін тексереді.

- Телефонға қосымша орнатуды ұнатпайтындар үшін Telegram-да Saqtandyrubot арқылы өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған. «Негізгі мәзір» пәрменін басқаннан кейін бірнеше бөлім бар. «1406-ға өтініш жіберу» таңдаңыз.

Бот «өтінішті жіберу» және «өтініштердің тарихын» ұсынады, осылайша өтінімнің мәртебесін тексеруге болады. Өтініште бот командаларына сәйкес өңір, медициналық ұйымның атауы және мәселенің мәні көрсетіледі.

- 1406 бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы қоңырау қабылдайды және өтініштерді үш деңгейлі модель бойынша қарастырады.

Бірінші деңгейге консультациялық сипаттағы мәселелер жатады.

Екінші және үшінші - егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін өтініштер. Қордың мамандары медициналық ұйыммен байланысады, ақпарат сұратады, медициналық көмек көрсету немесе көрсетуден бас тарту себептерін тексереді.

6. Ресми сайт пайдаланушыларға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтына кіріп өтініш жасаған ыңғайлы және «Халықтық бақылау» бөлімінен қажетті тапсырманы таңдаңыз: шағымдану немесе ұсыныс қалдыру.

Бірінші жағдайда аймақ, емхана, диагноз, келу күні, ЖСН нөмері көрсетіледі және шағымның себептерінің бірі таңдалады. Ұсынысты бос өрістерге жіберген кезде бастапқы деректерді толтырып, мәтінді тұжырымдау керек.

Пациенттердің өтініштері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушілері көрсететін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына әсер етуге мүмкіндік береді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста