Қазақстанда туған, қазіргі уақытта Германия азаматы ҚР азаматына тұрмысқа шығатын болса, Қазақстан азаматының тұрақты жері бойынша АХАЖ бөліміне арыз беруіне бола ма? Бұл жағдайда қандай құжаттар талап етіледі? Екеуі де бұрын некеде тұрмаған.
Ринат Зейнуддинов, Қарағанды облысы
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 180-181 баптарына сәйкес, некеге тұруға ниет білдірген азаматтар өздерінің не болмаса ата-аналарының бірінің тұрғылықты мекенжайы бойынша АХАЖ бөліміне өтініш беруіне болады. Бұл жағдайда өтініш білдірушінің жеке куәлігі не болмаса ҚР азаматының паспорты, егер қалыңдық Германия азаматы болса, одан Германияның тиісті органының некеге тұруға құқылы екендігі туралы анықтамасы талап етіледі. Ондай анықтаманың жарамдылық мерзімі – алты ай.
Некені тіркеу үшін бір айлық есептік көрсеткіш (1512 теңге ) мөлшерінде баж салығы төленеді.
Өзге елдің азаматымен некеге тұрғанда қандай талаптар қойылады?
Последние статьи автора