Біздің мемлекетіміз Қытайдан келетін вагондарға деген сұранысты азайтып, өзіміздің отандық вагондар шығаруды қашан қолға алмақ?
Дәурен АРЫН, студент
Расымен де, биыл ел өнеркәсібі тағы екі индустриялық жобамен толығатын болды. Осыған қатысты қазір Астана маңында электровоз және жолаушылар вагонын шығаратын зауыттар салынатын жерге символикалық капсула орнатылды. Бұған қатысты Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мырза «Астанаға жоғары сапалы, әлемдік деңгейдегі жоғары технологиялық өндіріс келеді. Бұдан бөлек, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы серіктес-инвесторлар – француздық Аlstom және ресейлік «Трансмашхолдинг» компанияларымен бірлесіп, осы аумақта жоғары технологиялық өндірісте жұмыс істей алатын мамандарымызды дайындайтын жаңа оқыту орталығын құрады» деген болатын. Бұл ретте бірінші зауыттан шығатын электровоздар PRIMA тобындағы локомотивтердің бейімделген нұсқасы әрі қазіргі заманғы локомотивтерге тән барлық сапа көрсеткіштеріне ие болса, вагон құрастыру және қызмет көрсету жұмыстары испандық «Тальго» компаниясының технологиясымен іске асырылады. Сондай-ақ отандық вагондар шығару мақсатында Қызылордада «Аралвагон» зауыты жұмыс істеуде. Павлодар қаласында да отандық вагон шығаратын зауыттар іске қосылады деп жоспарлануда.
Отандық вагон шығаратын зауыттар бар ма?
Последние статьи автора