Өсімдікті қалай дәрілейді?
Мен өсімдік өсірумен әуестеніп жүр едім. Кейбір мамандар жаз мезгілінде өсімдіктерді өңдеуге болмайды дейді. Менің білгім келетіні, жаз мезгілінде өсімдіктерді өңдеуге бола ма және оны өңдеуге жалпы қай кез жақсы?
Айгүл СӘБИТҚЫЗЫ, Алматы қаласы
Өсімдіктерді жылына үш реттен артық өңдеуге болмайды. Өңдеуге ыңғайлы кез – ерте көктем, бүр ашылмаған кез немесе көктемде бүр ашылғаннан кейінгі, бірақ гүлдемеген кез, қажет болған жағдайда жазда да өңдеуге болады. Әрқашан өңдеудің алдында химикат ерітіндісін жаңадан әзірлеген жөн. Егер өңдеу керек жерде омарта болса, өсімдіктерді тек кешқұрым өңдеуге болады. Қауіп аз болуы үшін омарта тесіктерін уақытша пленкамен жаба тұрған жөн. Ал өсімдіктер гүлдеген кезде оны өңдеу үшін улы химикат қолдануға болмайды, өйткені ол зиян келтіруі мүмкін.