Орталық Азиядағы үлкен сарқырама – Алматы облысында
Қазақстанда ең үлкен сарқырама бар деп естідім. Ол республиканың қай аймағында? Жалпы, сарқырама жайлы толық мәлімет берсеңіздер екен.
Айсұлу СЕРІКҚЫЗЫ, студент
Еліміздің Туризм және спорт министрлігі мамандарының мәліметінше, Орталық Азия елдерінің ішінде ең үлкен сарқырама Қазақстанда. Ол – республиканың оңтүстік-шығысындағы әйгілі Жоңғар Алатауы тауларындағы Қора шатқалында орналасқан Бұрханбұлақ сарқырамасы. 120 шақырым биіктіктен құлап ағып жатқан тау суы төменгі жағында Қора өзеніне қосылады. Мұндағы су көлемі, әсіресе, шілде айында көбейетін көрінеді. Ғалымдардың айтуынша, ерте замандарда Қора шатқалы буддистердің мекені болған-мыс. «Бұрхан» сөзінің шығуы осы сарқырама орналасқан үңгірде Будданың тас мүсіні болғанын, ал «бұлақ» сөзі суаттың болғанын айқындайды. Тіпті осыдан бірнеше ғасыр бұрын жартастардың біріне тастан ойылып жасалған Будданың мүсінін қазір де байқауға болады екен.