Орман зиянкестерін жою жұмыстары жүргізіле ме?

Менің үйім орманды алқапқа жақын орналасқан. Сондықтан адам­зат­қа ең қажетті оттегін бөлетін ағаштардың сақталуына қатты алаң­дай­мын. Өз ба­сым осы уақытқа дейін орман зиянкестерін жою жұмыста­ры­ның жүр­гі­зіл­генін көрген емеспін. Осы тарапта қандай шаралар жүзеге асу­да? 
Шоқан ӘЛИҰЛЫ,
Шығыс Қазақстан облысы
Отандық ормандар экологиялық функциялар – климат реттеуші, сани­та­риялық-гигиеналық, су қорғау және то­пырақ қорғау функцияларын орындай­ды. Экологиялық ахуалды жақсарту жө­нін­дегі маңызды мемлекеттік мін­деттерді шешуге сәйкес, өсіп тұрған ор­ман­дарды сақтау және орманды жер­лер­ді көбейту бірінші кезектегі міндет болып табылады. Қолда­ны­лып жатқан шаралар шеңберінде бас­ты бағыттардың бірі ормандардағы патологиялық жағ­дай болып отыр. Ор­ман аурулары мен зиян­кес­терінен сү­ректің жыл сайынғы шы­­ғыны 1,0 мың гек­тарға дейін қы­л­қанды және жапырақты тұ­қымдыларды не­месе 50 млн теңге со­маны құрайды. Осы жыл­ғы санитариялық шо­лу де­рек­тері бо­йын­ша орман аурулары мен зиянкестері ошақтарының жалпы кө­лемі 170 мың га, оның ішінде облыстық әкім­діктерінің орман шаруашылығы мем­ле­кеттік меке­мелерінде – 136 мың га, со­ны­мен бірге ерекше қорғалатын табиғи ау­мақтарда  34 мың га-ға жетеді. Ор­ман­ның зиян­кестері мен ошақтарын хи­мия­лық және био­логиялық препа­рат­тар­мен жою жө­нінде іс-ша­ралар жүргізу кезінде Қа­зақ­стан Респу­бли­касының аумағында қол­дануға рұқсат етіл­ген пестицидтер пайдаланылады. Ор­ман зиянкестері мен ауруларының ошақ­тарын жою жөніндегі іс-шаралар  ерекше қор­ғалатын табиғи аумақтарда олардың ар­на­йы режимдерін ескере отырып жүр­гізіледі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста