ОҚЫП-ҮЙРЕНУДІ ТИІМДІ ЕТЕТІН 6 ҚУЛЫҚ

Оқып-үйрену процесі әркімде ерекше жүреді, алайда барлық адамның миы жаңа ақпаратты біркелкі қабылдайды. Ол қалай жұмыс істейтінін білсек, бұрын білмеген дүниелерді зерттеп-білу үшін ең тиімді әдістеме таңдап ала аламыз. Америка ғалымдары адамның жадын жақсартудың және оқып-үйрену процесін тиімді етудің құпиясы неде екенін анықтапты.

Сіз жаңа тілді оқып, музыка аспабында ойнауды үйреніп немесе оқып жатқан кітабыңыздың мағынасын түсінуге тырысып жүргеніңізде адам миында болатын процестерді жақсырақ қадағалауға болады. Ой әрекетінің принциптерін түсіну үшін мына алты фактіні білу қажет.

Біз көзбен көретін ақпаратты жақсырақ қабылдаймыз

Ми өз қорының 50% көруге және көрген нәрсені ақпаратқа айналдыру процесіне жұмсайды.

Жаңа мәліметтерді көзбен көріп қабылдау оқып-үйрену кезінде маңызды роль атқарады. Оған жарқын мысал – шарапты жақсы көретін 54 адамға осы сусынның бірнеше нұсқасын көзін жұмып тұрып дәмін татып көруді ұсынған эксперимент. Қатысушылар тапсырманы орындай алмады. Көру – біз әлемді қалай қабылдайтынымыздың маңызды бөлшегі, оның бұзылуы адамның өзге сезім мүшелерінің жұмысын бұзады.

Тағы бір маңызды ерекшелік – біз мәтінді сурет ретінде қабылдаймыз. Тіпті қазір осы мақаланы оқып отырғаныңызда, миыңыз әр әріпті жеке сурет ретінде қабылдап түсінеді. Адам суреттегі ақпаратты қалай қабылдайтынын түсіну оқып-үйрену процесін недәуір тиімдірек ете түседі.

Біздің ағзамыздың табиғатының мынадай ерекшелігі бар: біз тоқтап тұрған (статикалық) күйдегі (сурет сияқты) заттарға емес, қозғалыстағы заттарға көбірек назар аударамыз. Сондықтан, әңгіме оқу, білім алу туралы болғанда анимация – ең тиімді тәсіл.

Қорытынды: өзіміз оқып-үйреніп жүрген заттардың суреті салынған флэш-карталар жасап, оларға сөздер түрлі шрифтпен жазылған газет-журнал қиындыларын қосып, қандай да бір фактілерге көрнекі құрал ретінде сызбалар мен диаграммаларды қолдану керек.

Майда детальдардан көрі, үлкен «суреттер» есте жақсырақ сақталады

Жаңа түсінікке жолыққан кезде, өзіңіз дәл қазір қабылдап отырған ақпарат ағынында адасып қалу оңай. Тым көп ақпарат жүгінен арылудың бір тәсілі – үлкен көлемді «суреттерге» қайта оралу, білетініңізге жаңа, бұрын білмеген фактілер үстеу.

Адамның миы жаңа ақпаратты қабылдаған кезде ол бұрын алынған ақпаратқа автоматты түрде қатыстырылады. Адамның миы – сөресі көп шкаф деп елестетіп көріңіз. Онда неғұрлым киім көп болса, оны соғұрлым жиі жиыстырып, реттеп, бөліп орналастырып отырасыз. Мысалы, біреу сіздің сөреңізге қара жемпір (жаңа ақпарат) салғысы келеді. Ол не жемпірлер тұрған сөреге, не қара түсті киімдердің қасына, не болмаса қыстық, жылы киімдердің қасына барады. Шын мәнінде жаңа жемпір тек бір сөреге ғана тұрақтайды, алайда мида жаңа ақпарат онда бұрыннан бар ақпаратпен қатыстырыла бастайды. Адамға жаңа әлденені кейін, ол бұрыннан белгілі фактілермен байланыс орнатқаннан кейін есіне сақтау оңайырақ.

Қорытынды: оқып-үйрену барысында жалпы контентті бір бетте не бір диаграммада кескіндеп алып, содан кейін мезгілімен оны жаңа ақпаратпен және толығырақ фактілермен үстеп отырған тиімді болады.

Оқып-үйренуге және есте сақтауға ұйқының ықпалы бар

Зерттеулер көрсеткендей, әлденені қайталау мен жаңа дүние үйрену арасындағы түнгі ұйқы аса пайдалы, ол өнімділікті арттырады. Қалғып алудың да әсері сондай, сонымен қатар ол оқу сапасын да жақсартады.

Бұған дәлел – Калифорния университетінің ғалымдары жүргізген эксперимент. Әлдеқандай тесттерді орындау арасында қалғып алған қатысушылар сол аралықта ояу отырғандарға қарағанда тапсырманы жақсырақ орындаған. Ғалымдардың айтуынша, ми жаңа дүниенің бәрін сіңіріп алуға дайын құрғақ губка сияқты.

Қорытынды: жаңа ақпаратты ұйықтар алдында (күндіз не түнде) қайталап көріңіз, ал оянған кезде – есіңізде қалғаннын бәрін жазып алып отырыңыз.

Аз ұйықтау жаңа ақпаратты сіңіру қабілетін төмендетеді

Аз ұйықтау дұрыс емес, өйткені біз ұйықының қаншалықты маңызды екенін толық ұғынбай жатамыз. Ұйқы – ақпаратты сақтау кепілі. Ұйқы дұрыс болса, біз әйтеуір бірдемені үйреніп, жаттап алатынымызға сенімді бола аламыз. Ұйқының жетіспеуі жаңа ақпаратты қабылдаудағы мидың тиімділігін 40% төмендететінін біле жүру керек.

Гарвард медицина мектебінің зерттеулері мына жағдайды дәлелдеді: жаңа ақпаратты белсенді оқып-үйренгеннен кейін алғашқы 30 сағатта ұйқы жетіспеуі еңбегіңізді еш етеді.

Қорытынды: тәулік бойы оқу дегенді ұмытыңыз! Білімдерді жадыңызда сақтап қалу үшін оқуға ұйқыңызды қандырып алып отыру керек, белсенді ой әрекетінен кейін де ұйықтап алуды ұмытпаңыз.

Біз біреулерге үйреткенде өзіміз де жақсы есте сақтаймыз

Біз жаңа әлденені өзіміз үйреніп, оны басқаларға да үйретіп жүрген кезде ақпаратты меңгеру тиімділігі бірнеше есе артады. Біз басқа адамға ең маңыздысын жеткізгіміз келгендіктен, өзіміздің де жадымызда сол қалады. Бұл процесс бейсана түрде жүреді: мәліметтер біздің санамызда іріктеліп, бір жүйеге ұйымдасады.

Қорытынды: білгеніңіздің бәрін жазып отыратын қойын дәптеріңіз болсын немесе блог жүргізіңіз. Түрлі идеялар мен концепциялар туралы сіз оны өзгелерге үйретуіңіз тиіс сабақ сияқты етіп жазыңыз.

Ақпарат кезектесіп отырса, оқып-үйрену де тиімді

Ғалым Дик Шмидт оқып-үйренуге деген жалпы тұрғыны «blockpractice» деп атайды: сіз бір нәрсені оқып-үйренуге бар күшіңізді салғанда ол практикаға шектеу қоядв. Осы ғалым оқып-үйренуге деген «кезектестіру» деп аталатын, ақпаратты және сіз меңгеріп жүрген дағдылар мен машықтарды араластыру тұрғысының авторы.

Бұл тұрғыны өзінің Психологиялық зертханасында Боб Бьорк та зерттеген. Эксперимент барысында қатысушылар танымал суретшілердің көркемдік стильдерін зерттеген. Бір топқа бір суретшінің 6 картинасын, содан кейін басқа суретшінің 6 картинасын қарап көру ұсынылды. Басқа топта фотосуреттер кезектесіп берілді. Эксперимент аяқталғаннан кейін қатысушылар суретшілердің дара стилін қаншалықты жақсы білетіні тексерілді. Суреттер кезекпен берілген топтың табыстылығы 60%, ал екінші топта –30% болды.

Кезектестіруге мысал – сөйлеу, тыңдау және жазу бойынша тапсырылатын шет тілдері бойынша емтихан.

Қорытынды: жаңа техниканы үйреніп, не тәжірибе жүзінде енді қолданып жүргеніңізде, оны басқа біреуімен; жаңа ақпаратты меңгеріп жүрсеңіз – оны өзіңізге бұрыннан белгілі мәліметтермен (мысалы, шет тілін үйренуде жаңа және ескі сөздерді араластыру сияқты) кезектестіріп отырыңыз.

reactor.inform.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста