Оқушы нені білуге тиіс?

Газеттеріңіздің өткен сандарында мектеп жасындағы балалар­дың ата-аналарының құқықтары мен міндеттері туралы мәлімет оқып едік. Ал оқушыларға қойылатын қандай нақты талап-ере­желер бар?
Динара Орынбасарова,
Ақтөбе қаласы
Мемлекеттік білім беру стандар­тына сәйкес, мектепте тәрбиелену­шілердің өз құқықтары мен міндет­тері белгіленген. Солардың ең негіз­гісіне мыналар жатады.
Мектеп оқушылары:
• мемлекеттік стандартқа сай деңгейде білім алуға; 
• оқу үрдісі барысында лабора­тория, кабинет, аудитория, кітап­хана, есептеу техникасы, асхана, медициналық кабинет қызметтерін  пайдалануға;
• өздерінің құқықтарын сақтау және оқу-тәрбие үрдісінің сапасына қатысты өз пікірін білдіруге;
• мектеп бітірген соң білімін жоға­ры оқу орындарында жалғас­ты­руға құқылы.
Сонымен қатар мектеп оқушы­сы:
• білім бағдарламалары мен жоспарларында қарастырылған барлық тапсырмалар түрлерін бекітілген мерзімде орындауға;
• білім мекемесінің талаптары мен ережелерін сақтауға міндетті.
Оқушылардың, тәрбиелену­ші­лер­дің өз міндеттерін бұзғаны үшін оларға білім беру ұйымдарының Жарғысымен немесе келісімшарт­пен қарастырылған тәртіптік ықпал шаралары қолданылуы мүмкін. Оқушыларды қоғамдық-саяси ұйым­дар мен қозғалыстар өз қатарына лажсыз кіргізуге, сондай-ақ оларды бұл ұйымдардың қыз­метіне қатыстыруға жол бермей­ді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста