Өркениеттен, әлемдік даму көшінен мақұрым қалған халықтар әлі де бар ма? Қазіргі кезде сыртқы дүниемен араласпайтын, ру-тайпалық деңгейдегі халықтар өмір сүре ме?
Ләйлә БЕКНАЗАРОВА, Талғар
Оқшау халықтар – өздерінің өмір сүру қамы, жеке шешімдеріне қарай сыртқы дүние мен қазіргі өркениетпен байланыссыз халықтар шоғыры. Қазіргі кезде әлеммен байланыссыз халықтар баршылық. Қазіргі уақытта Андаман аралдарындағы сентинельдіктер тайпасы, Жаңа Гвинея, Амазонка бассейндеріндегі кейбір тайпалар, сондай-ақ Эквадордағы Уарони үндіс халқының тагаер тайпасы, Перудегі Науа-Кугапакори қорығын мекен ететін киринери, науа және нанте тайпалары сыртқы дүниемен байланыссыз өмір сүреді.
Қоғамдық ұйымдар оқшау өмір сүретін халықтардың таңдау еркіндігін құрметтеп, жеке-дара тірлік кешуіне мүмкіндік беру керек деп есептейді. Зерттеушілер оқшау халықтармен байланыс жасауда олардың ауруларға қарсы иммунитетінің өте әлсіздігін, тіпті жаппай қырылып кету қаупін алға тартады. Әдепкідегі тұмау ауруының өзі оқшау өмір сүретін халықтарды өлім-жітімге ұшыратады екен.