Өз еркімен ешқандай әрекет ете алмайтын өмірлік мүгедектерге қандай көмек түрлері көрсетіледі, қандай жеңілдіктер қарастырылған?
Әділет Мұсабеков, Шығыс Қазақстан облысы
Әлеуметтік қолдау шарасы ретінде, жеңілдіктерді ұсыну бойынша заңнамаларды реформалау нәтижесінде 1999 жылы енгізілген бұрынғы натуралды жеңілдіктер орнына мүгедектерге ай сайын республикалық бюджет есебінен арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Ал жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтері медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімі әзірлеген медициналық көрсетімдеріне сәйкес, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде көрсетіледі (негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы).
Осыған байланысты I және II топтағы мүгедек адамдарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жергілікті жердің бюджет қаражаты есебінен протездік-ортопедиялық бұйымдар, сурдо-тифло құралдар, кресло-арбалар, санаторлық-курорттық жолдамалар тегін беріледі (негізі: «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысы).
Бұдан басқа, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, облыс, қала және аудан әкімдеріне, меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген (негізі: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік органдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы).
Осыған байланысты жолдамалар, коммуналдық төлемдер, газ, электр энергиясы қызметтерін және бұдан басқа материалдық көмек көрсетуге құқылы.
Өмірлік мүгедектерге қандай жеңілдіктер бар?
Последние статьи автора