Олимпиада жалауындағы сақиналар бес құрлықты бейнелейтiндiгiнен хабардармын. Бiрақ қай сақина қай құрлықты бiлдiретiндiгiне келгенде, қызыл мен жасылдан жаңылысам. Есiме салып жiберсеңiздер екен.
Карина ӨМIРЗАҚ
Олимпиада ойындарының символы – бiр-бiрiмен айқастырылған бес сақина. Бұлар жер шарының бес бөлiгiнiң олимпиадалық қозғалыста бiрiккендiгiн бiлдiредi. Жоғары қатардағы көгiлдiр түстi сақина – Еуропаны, қара сақина – Африканы, қызыл сақина – қос Американы, төмегi қатардағы сары түстi сақина – Азияны, ал жасыл сақина Австралияны сомдайды.
Бiр қызығы, 1972 жылы Саппорода (Жапония) өткен Қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатында бiр көрермен көкке көтерiлген Олимпиада жалаушасындағы сақиналардың орындары ауысып кеткендiгiн байқайды. Ол мұны бiрден ұйымдастыру комитетi мүшелерiне айтады. Ал олар бұдан мүлде бейхабар болып шығады. Тексере келе, 1952 жылдан бергi Қысқы Олимпиада ойындарының бәрiнде сақиналардың орны ауысқан жалау желбiреп келгенi мәлiм болады. Сонда 20 жыл бойы бұл ағаттықты байқаған адам болмаған. Ал керек болса...
Олимпиада жалауындағы сақиналар неге әр түстi?
Последние статьи автора