Олимпиада ойындарына бойкот жариялағандар

Әлемдегі бірнеше мемлекеттің Олимпиада ойындарына бойкот жариялап, дүбірлі додадан бас тарт­­­қан кездері – тарихта болған жайт. Жалпы, Олимпиада ойындарына неліктен бойкот жарияланады?
Рахман ДӘУРЕНБЕКТЕГІ,
Талдықорған
Олимпиада ойындары мың жерден достық пен бей­біт­шілікті насихаттаса да, саясаттан бөлектеніп кеткен емес. Олимпиада қозғалысы мен саяси қарсылық егіз ұғым­ға айналып кеткелі қашан?! Олимпиада ойындарына БҰҰ, ХОҚ секілді халықаралық ұйымдар, спортшылар то­бы және мем­лекеттер бойкот жариялай алады. Олардың бас­ты мақсаты – Олимпиаданы қабылдаушы мемлекеттің іш­кі және сыртқы саясатындағы қателіктерге немесе әлем­де­гі әді­летсіздіктерге қарсылық танытып, жағдайды жақ­сар­­туға тырысу. Тарихты парақтасақ, Олимпиада қозға­лы­сы оң-со­лын танымаған 1908 жылы да саяси қарсы­лық­тар көп бой кө­­терген. 1908 жылғы Лондон Олим­пиа­дасына тұңғыш рет қа­тысушы мемлекеттердің ашылу жә­не жабылу салтанатында ел бай­ра­ғын көтеріп шығуына рұқ­сат етілді. Алайда бұл бір­аз елдің қы­тығына тиді. Се­бебі Ұлы Финляндия княздығы Ре­­сей импе­рия­сының қа­ра­мағында еді. Ал ресейліктер фин­дердің төл туын көте­ріп шығуына жол берген жоқ. 1920 жыл­ғы Ант­верпен Олим­пиадасына бірінші дүниежүзілік со­ғыс­тың отын жақ­қаны үшін Германия мен оның жақтастары ша­қырылған жоқ. 1936 жылы фашистік Германияда өткен Олим­пиада ойын­­дары – тарихтағы ең көп шу тудырған до­даның бірі. Өйт­кені неміс компаниялары Олимп ойындары бас­­талмай жа­тып, «қара нәсілді спортшылар мен еврей ұлты­ның өкіл­­дері бұл Олимпиаданы түсінде көрсін» деп, нә­сіл­шіл­дік, фашистік көзқарастарын анық білдіре бастады. Ал әлем халқы бейбітшілік белгісі саналатын Олимпиаданы фа­шистік мемлекеттен ауыстырып, Барселонада өткізу үшін қол жинауға кірісті. Әсіресе, АҚШ-тың Нью-Йорк шта­тында құрыл­ған еріктілер тобы жанталаса әрекет етті. Де­генмен Гитлер үкіметі арам пиғылдарын жасыра тұ­рып, Пьер де Кубертьеннің аузын алды. Германиядағы да­йын­дыққа тәнті болған басшы радио арқылы үндеу жол­дап, Олимпиаданың неміс жерінде өтетіні туралы тү­бе­гейлі шешімін жариялады. 1964 жылы Токио Олим­пиа­дасынан Индонезия, Солтүстік Ко­рея және Оңтүстік Аф­рика мемлекеті бас тартты. 1968 жылы Мехикодағы Олим­пиада ойын­­дарының басталуына он күн қалғанда жер­гілікті жастар: «Біз­ге Олимпиада керек емес, бізге ре­волюция керек», – деп ел билігіне наразылығын біл­­дірді. 1976 жылғы Монреаль Олим­­пиадасына регбиден Жа­­­ңа Зеландия мен Оңтүстік Африка құра­ма­ларының ара­сын­­дағы есепке ырза болмаған 26 Африка мем­лекеті бой­кот жариялады. 1979 жылы Ауғанстанға Кеңес әске­рін кір­­гіз­гені үшін 80-жылы өткен Мәскеу Олимпиадасына әлем­нің 64 мемлекеті қатысқан жоқ. Тиісінше, 1984 жыл­ғы Лос Анд­же­лес Олимпиадасы да КСРО құрамасы­ның қатысуынсыз өтті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста