«Оле Бразилге» балалар қалай іріктелді?

Өткен аптада «Алаш айнасы» газетінен Қазақстан футбол федерациясы Ұлттық құрамалар департаментінің директоры Виктор Катковпен жарияланған сұхбатты оқыдым. Сол сұхбатында Виктор Георгийұлы Бразилияның «Оле Бразил» футбол академиясында тәлім алып жүрген жас жеткіншектеріміздің қазіргі жайы туралы тілге тиек етіпті. Бірақ мен ол балалардың кезінде қалай іріктелгендері туралы білсем деп едім. Естуімше, Бразилияға аттанған 26 баланың біреуі таныс арқылы кетіпті-міс.Таурат Сахи, Алматы қаласы

Сізден келген бұл сұрақты Виктор Катковтың алдына қайтадан көлденең тарттық. Өйткені сол кезде Виктор Георгийұлы Балалар футболы департаментінің директоры қызметін атқарған болатын.

– Ешқандай сыбайластық орын алған жоқ, – деп бастады Катков. – Бізге, Алматыға, әр аймақтан іріктеліп, 86 бала келген болатын. Оларды іріктеу комиссиясының төрағасы Сейілдә Байшақов болса, мен орынбасары болдым. Іріктеу кезеңі үш турдан тұрды. Біріншісі – толық медициналық тексеру. Екіншісі – жалпыфизикалық тексеру. Үшіншісі – ойнау мәнері. Жалпыфизикалық тексерудің өзі үш кезеңнен тұрғанын айта кетуіміз керек. Осы жерде айта кетейін, Алматыға еліміздің әр аймағынан іріктеліп, 87 бала келген болатын. Өкінішке қарай, медициналық тексерістен кейін 18 жеткіншекті үйіне қайтаруға мәжбүр болдық. Олардың ішінде өте дарынды футболшылар да болды. Қалған 69 баланың ішінен 26-сын таңдау оңай болған жоқ. Әйтсе де, Бразилияға ең дарындыларын жібердік деп ойлаймыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста