Футболдан әлем чемпионаты өтіп жатқан Оңтүстік Африка республикасының кейбір деректерде үш бірдей астанасы бар деп көрсетілген екен. ОАР-дың орталығы қай қала?
Бекболат СӘДУАҚАСОВ, Өскемен
Оңтүстік Африка республикасының жалпы саяси жүйесі, мемлекеттік құрылымы өзге мемлекеттерге ұқсамайды. Мысалы, бұл елдің ресми атауы белгілі бір ұлттың атымен емес, географиялық орналасуына байланысты Оңтүстік Африка республикасы деп аталады. Екіншіден, тұрғын халық жүйелі бір тілде сөйлемейді. Негізінен, ағылшын тіліне басымдық берілгенімен, ОАР-лықтар ұзын саны 11 тілде қарым-қатынас жасайды. Ал астанасына келетін болсақ, ОАР-да ресми түрде үш бірдей астана бар. Кейптаун – заң шығару, Претория – әкімшілік және Блумфонтейн – сот орталықтары. Ресми түрде парламенттік республика болса да, президенттік биліктің құзыреті белгілі бір деңгейде күшті. Және бұл елде вице-президент лауазымы да қарастырылған.