Нотариустың жұмысы жеңілдеді
«Электронды нотариат» жүйесі іске қосылды дейді. Сонда ол қалай жұмыс істейді?
Мөлдір Қырықбаева, Тараз
Иә, электронды нотариаттың жұмысы басталып кеткені рас. Қазір жеке және заңды тұлғаларға қатысты мәліметтер жинақталған бірнеше база бар. Нотариустар жұмыс барысында осы ақпарат базасына жүгініп отырады. Мұндай тәсіл жұмысты жеңілдетіп, уақытты үнемдейді. Өйткені адам құжат жинап, әуре-сарсаңға түспейді. Нотариус мағлұмат базасына кіріп, тексере алады. Соған орай қандай да бір нысан немесе адамның құқықтық жағдайына сәйкес келетін құжат бере алады. Екінші жағынан, нотариустардың қолынан өткен келісімдер реестрі жүргізіледі. Сондықтан заңға томпақ әрекет етіп келген нотариустардың жолы кесілді деуге негіз бар.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу