«Әлемге әйгiлi «Нобель» сыйлығын алған қазақ бар» деп естiп едiм. Ол кiм болды екен?
Нұрбатыр МЕКЕЕВ, Орал қаласы
Жыл басында Швейцарияның Корольдiк академиясы жанынан құрылған Нобельдiк комитеттiң шешiмiмен Атом қуаты жөнiндегi Халықаралық агенттiкке (МАГАТЭ) Бейбiтшiлiк номинациясы бойынша Нобель сыйлығы берiлген болатын.
Ұзақ жылғы еңбектерi бағаланған МАГАТЭ-нiң Бас директоры – Мохаммад Барадей. Сыйлықты тағайындайтын комитет бұған дейiн сан мәрте Нобель сыйлығына үмiткерлер қатарында аты аталып жүрген Барадейдiң бiр өзiне ғана емес, бүкiл ұйым жұмысын бағалауды жөн көрiп, мәртебелi марапатты МАГАТЭ-ге бердi. Сондықтан да осынау ұйымның барлық қызметкерлерiн «Нобель» лауреаттары деп айту заңды. Олардың арасында бiр қазақ бар. Ол – МАГАТЭ-нiң халықаралық кепiлдiк нұсқаушысы, 1960 жылы туған, Түркiстан топырағының тумасы – Достай Раманқұлов. Еңбегi еленген бауырымыз атақты сыйлықтың қомақты сыйақысын да алды.
Д.Раманқұлов қазақ мектебiнде оқыған. Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық политехникалық университетiн бiтiрген. Кейiн бiлiмiн Мәскеуде жалғастырған. АҚШ-тағы Қазақстан елшiлiгiнде ғылыми-техникалық кеңесшiсi қызметiн атқарған. 1998 жылдан берi МАГАТЭ ұйымында жұмыс iстейдi. «Нобель» сыйлығын алған тұңғыш қазақ Достай Раманқұлов бүгiнде Венада тұрады.
«Нобель» сыйлығын алған қазақ бар ма?
Последние статьи автора