Неміс киносы не туралы?

Неміс киносы не туралы?

Алматыда неміс киносының фестивалі өтеді деп естіп едім. Өзім неміс тілінің маманымын. Фестиваль нақты қай жерде өтеді және оған қатысатын фильмдерді қалай көруге болады?
Айзада,
Алматы облысы
Кешеден бері Алматыда Халықаралық KINOgerMANIJA кинофестивалі аясында «Цезарь» кинотеатрында неміс режиссер­ле­рінің фильмдерінің көрсетілімі өтуде.
Кинофестивальдің өтуіне мұрындық бол­ған Қазақстан Гёте институты бұл ша­ра­ны биылғы Қазақстандағы Германия жы­лына орай ұйымдастырып отыр. Ша­раға Оберхаузен қаласында өткен қыс­қа­ме­тражды фильмдер фестивалінің дирек­ция­сы мен «Цезарь» кинотеатры және Олег Борецкий киноклубы әріп­тестік та­нытуда. Ұйымдастырушылар белгілі ре­жиссер Фатих Акин фильм­деріне негізгі ба­сымдық беріп, осы ма­манның ең­бек­терін талғампаз көрер­меннің талқысына салуды көздеген. Кеше басталған фестиваль оның «Soul Kitchen» («Душевная кухня») фильмімен ашылды.
Аталған кинофестивальдің жабылуы 26 қараша күні, «Қысқаметражды фильм­дер түні» деп аталатын шағын фильммен аяқ­талмақ. Кинофестивальге танымал әртіс Мехмет Куртулус пен Оберхаузен қа­ласында өткен қысқаметражды фильмдер фестивалі комиссиясының мүшесі Херберт Шварце қонақ ретінде шақырылған. Фес­тиваль аясында көрсетілетін фильмдер адам­гершілік, махаббат тақырыбына ар­налған.
«Қазақстандағы Германия жылы» ая­сын­да өтіп жатқан осы шараны Германия Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Гёте институтымен бірлесіп қолға алуда. Фестиваль барысында көрермен назарына ұсынылатын фильмдерді тамашалаймын де­гендерге есік ашық.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста