Некеге тұруға қайта өтініш бергенде баж салығы төлене ме?

Некеге тұруға өтініш беріп, баж салығын төлеп, қажетті құжаттарды тапсырған едік. Бір себептермен белгіленген мерзімде некеге тұруға бара алмадық. Енді қайта өтініш берейік десек, АХАЖ бөліміндегілер «құжаттарды қайта даярлап, баж салығын тағы төлейсіз» дейді. Осы заңды ма?
Данияр,
Алматы облысы
«Неке және отбасы туралы» Кодекстің 222-бабына сәйкес, некеге отыру туралы өтініш тіркеуші органға некені мемлекеттік тіркегенге дейін бір ай бұрын беріледі. Мерзімнің өтуі өтініш беріл­геннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күні бітеді. Некеге отыратын адамдардың бір­лескен өтініші бойынша тиісті құжат­тар­мен растал­ған дәлелді себептер болған кезде тіркеуші органның бастығы неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша бiр ай өткенге дейін некенi қиюға рұқсат етеді не бұл мерзiмдi ұзартады, бірақ ол бір айдан аспауға тиіс. Айлық мерзiмді қыс­қар­ту немесе ұзарту туралы рұқсатты тіркеуші органның бастығы, ал ол болмаған кезде оның мiндетiн атқа­рушы адам некеге отыру тура­лы өтінішке қарар түрінде бередi. Егер некеге отыруға тілек бiлдiрушiлер дәлелдi себептер бойын­ша белгiленген күнi тіркеуші органға келе алмайтын болса, неке қиюды мемлекеттік тiркеу мерзiмi олардың өтініші бойынша басқа уақытқа ауыстырылады. Белгіленген күні Сіздер неке қиюды тіркеу үшін тіркеуші органға келмегенсіздер және неке қию мерзімін ұзарту туралы өтініш жаз­ба­ған­сыздар, сол себепті Сіздердің неке­ле­ріңіз тіркелмеген. Бұл жағдайда заңда көз­дел­ген талап бойынша некеге тұруға қай­­­та­дан өтініш беру қажет және неке өті­ніш берген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін тіркеледі.
Сонымен қатар Қазақстан Респуб­ли­касының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодек­сі­нің 537-бабына сәйкес, некеге тұруды тiр­кегенi үшiн 1730 теңге мемлекеттік баж салы­­ғы төленеді және қайтадан некеге тір­кеуге өтініш берген кезде қайтадан мем­лекеттік баж салығы төленбейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста