Науқас адамның өсиеті қалай рәсімделеді?
Егер мұраға қалдыру туралы өсиет жазуы тиіс адам қатты науқас болса, көзі көрмейтін, құлағы естімейтін кәрі адам болса, нотариуспен мұрагерлікті рәсімдеу кезінде нені есте ұстау керек?
Жанна ЕСҚАЛИЕВА, Өскемен қаласы
ҚР Әділет министрлігі мамандарының мәліметінше, ҚР Азаматтық кодексінің 1051-бабына сәйкес, нотариус мұраға қалдырушының айтуы бойынша мұрагерлікті рәсімдеген кезде мәтін жазылғаннан кейін мөр басылмай тұрып, оны мұраға қалдырушыға түгел оқытып алуы міндетті. Мұраға қалдырушы құжатты оқыған кезде нотариус пен куәгер болуы тиіс. Егер мұраға қалдырушы дене кемістігіне қарай, ауруына және сауатсыздығына байланысты өсиетті оқып шыға алмайтын болса, мәтінді куәгер нотариустың қатысуымен оқып береді. Өсиет қалдырушының мәтінді не себепті оқи алмағаны құжатта көрсетілуі керек.