Музыканың да зияны бар
Мен әуенді жоғары дауыста тыңдағанды ұнатамын. Үйде де, жұмыста да музыканы қатты қоюға тырысамын. Кейбіреулер «бұлай музыка тыңдау зиян» дейді. Осы рас па?
Әйгерім ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ, Алматы қаласы
Жоғары дауыста және үздіксіз музыка тыңдау құлаққа өте зиян. Қазір көшеден құлағына тыңдауышты (наушник) салып алған жастарды жиі көруге болады. Еуропалық комиссия осы мәселеге орай мынадай мәлімет жасады: тыңдауыш арқылы музыка тыңдауды ұнататын 10 миллионға жуық адамның есту қабілеті күрт нашарлап кеткен. Негізі, тыңдауышты көпшілік орындарда өзгелерге кедергі келтірмеу үшін пайдалануға болады. Онда да дауыс 60 децибелден аспауы тиіс. Бұл екі адамның қарапайым жағдайда сөйлескен дауыстарымен тең. Ал одан артық шу құлақ тамырлары мен пердесін тітіркендіреді. Сондай-ақ тыңдауышты екі сағат таққаннан кейін құлақты үш сағат демалдырып тұру керек.