Мұсылманның шегіртке мен кесіртке жеуіне болады екен

Мұсылмандарға шошқаның етін жеуге тыйым салынатынын білеміз. Осы жалғыз ғана жеуге болмайтын жануар ма, әлде тағы да біз білмейтін жақтары бар ма? Сондай-ақ аң мен құстың қайсысын жеп, қайсысын жемеу керек?
Марат Әмірханұлы,
Алматы облысы

Қасиетті Құран-Кәрімде әрбір мұсылман баласының жеуіне болатын және болмайтын асы жөнінде, әлбетте, анық жазылған. Құранның бесінші тарауы «Әль-Маида» деп аталады, ал оның мағынасы «тамақ, тамақтану» дегенді білдіреді. Сол сүреде айтылғанның мағынасы мынаған саяды, яғни Алланың аты аталып қолдан бауыздалмай, өз өлімімен арам өлген малдың етін жеуге және шошқаның етін де, қанын да ас ретінде пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ ұрып, қуып жүріп құлатылып, тұншықтырып өлтірілген, мүйізбен тесілген және де жыртқыштар жарып кеткен аң етін де жеуге болмайды. Ал егер де жыртқыштар жаралап, аң әлі кеудесінде жаны болса, оны Алланың атымен бауыздап барып жеуге болады. Әлбетте, азу тісі, тырнағы бар, аю секілді, қасқыр, барыс секілді жыртқыш атаулыны жеу – харам.

Ал енді құстардан да сұңқар, бүркіт, бәбісек (сасықкөкек), қарақұс етін жеуге болмайды, себебі олар етпен қоректенетін жыртқыш құстар болып табылады. Әдетте сырт келбетінен байқасаңыз, бүркіт секілді жыртқыш құстардың тұмсығының ұшы төменге қайырылып тұрады. Ал балықты жеуге болады. Бір қызығы, бақа мен жыланды жеуге болмағанымен, шегіртке мен құмдағы кесірткеге тыйым салынбаған.

Мұсылман баласына намаз оқығанда, сол секілді көпшілікпен сөйлескенде, аузынан жағымсыз иіс шығып тұрмас үшін сарымсақ пен пияз жеуге кеңес берілмейді. Ең жақсы тағам – сүт пен бал.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста