Мұрыныңыз мінезіңіз жайлы не "дейді"...
Адамның мінез-құлқын анықтауға арналған тесттерде шек жоқ. Солардың көп бөлігі дене мүшелеріне, әсіресе бет әлпетіне байланысты екен.
Мәселен, мұрныңыза қарап мінезді анықтауға болатынын естіп пе едіңіз? Естімесеңіз, Аристотельдің әдісі бойынша, мұрынға қарап, өзімізге сипаттама беріп көрейік. Сонымен қатар, адамға қандай жануар жақын екенін, қай жануармен ұқсастығы бар екенін білуге болады екен.
*Мұрын қуысы үлкен адамдар – мейірімді, жайдары, ақкөңіл. Бұл топтағылардың жануары – қасқыр.
*Мұрын қуысы кішкентай – қызуқанды адамдар, шыдамсыздау. Жануарлары – ит.
*Мұрын қуысы дөңгелек – мінездерінде ұлылық бар өте жайлы кісілер. Арыстандар!
*Кімде мұрынының ұшы үшкір? Солар өте сақ, қырағы жандар. Құстармен ұқсастықтары бар.
*Керісінше, мұрынының ұшы толық – ақымақтау, ойланбай әрекет жасап қояды. Шошқаларға тән қылықтар байқалады.
*Бүкір, маңдайға жақын тұстан басталатын мұрын – ештеңеден қысылмайды, ұялмайды. Қарғалар!
*Бүркіт тұмсық – жағымды мінезді, батыл. Бүркіттерге ұқсайды.
*Мұрынның маңдаймен байланысатын тұсы шұңғыл, ұшы жоғары қарайтындар – мақтаншақ. Қораздармен үйлесімділік байқалады.
*Жалпақ, пұшық мұрын – тәкаппар, эгоист. Бұғыларға ұқсайды.
*Делдек, мұрын қуысы үлкен – ашушаң, қаһарлы. Жолбарыстар!