Мұрагерлікті қалай рәсімдеуге болады?

Мұрагерлікті иелену үшін берілетін куәлікті қай жерден алуға болады? Егер куәлікке қол жеткізсем, қандай мерзім ішінде жылжымайтын мүлікке өз құқымды тіркей аламын?
Назар СҰЛТАНҰЛЫ,
Алматы қаласы
Мұрагерлікті иелену куәлігін алу үшін сіздің мұрагерлікті ашу орны бойынша кез келген нотариуске баруға құқығыңыз бар. Қазақстан Республикасы Азаматтық ко­дексінің 1043-бабына сәйкес, мұра қал­дырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса, мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып табылады. Мұра қал­дырушының мүлік құжаттары рәсімделмеген немесе ресімдеуде болса, нотариус Азаматтық кодекстің 1040-бабына сәйкес, мұрагерге меншік құқығын тіркеу үшін тіркеу органына жүгінуге, құрылысты пайдалануға тапсыруға, уәкілетті органға жер учаскесі актісін, басқа да мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді алуға құқық туралы куәлік береді. Бұл құжаттар мұра қалдырушының құқығын тіркеуге жүгінуге негіз бола алады. Алайда мұрагерлердің құқық белгілеуші құжаты болып саналмайды. Мұрагерлер мұраға құқығы туралы куәлігін ұсына отырып, алты ай мерзімнен кешіктірмей жылжымайтын мүлікке өз құқығын тіркеуге міндетті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста