Бейсенбі күні футболға, оның ішінде Оңтүстік Африкада өтетін әлем чемпионатына арнап шығарған газеттеріңізді оқыдым. Бір байқағаным, қазір көптеген басылымдар
Ерболат МАҚАШЕВ, Қызылорда қаласы
Негізі, бұл сөздің дұрыс айтылуы – «мундиале». Испан тілінен аударғанда әлемдік, дүниежүзілік, бүкіләлемдік деген мағыналарды білдіреді. 1982 жылғы әлем чемпионаты Испанияда өткен. Сол жолы испан халқының әлем чемпионатын, Алтын кубок додасын армансыз өз тілдерінде атағаны айтпаса да түсінікті болар. Содан бастап әлем чемпионатын «Мундиаль» деп атау дағдыға айналып, қалыптасты. Қазір тіпті испан тілді елдер тұрмақ, басқа мемлекеттерде, тіпті басқа құрлықта өтсе де, әлем чемпионаты «Мундиаль» деп аталып жүр.
Алайда кейбір электронды басылымдар «мундиаль» деген сөздің, терминнің 1982 жылғы әлем чемпионатынан бастау алғандығына келіспейді. Бұл орайда олар «1930 жылы Уругвайда өткен әлем чемпионатының афишасында «1-er Campeonato Mundial Futball» деп жазылған болатын» деген деректі көлденең таруда.