Мүгедектігіме байланысты қосымша демалыс алуға бола ма?

Мүгедектігіме байланысты қосымша демалыс алуға бола ма?

Осы мекемеде жұмыс істеп жүргеніме 5 жыл болды. Еңбек заңнамасына сәйкес, ІІ топтағы мүгедектігіме байланысты қосымша берілетін ақылы еңбек демалысын алуыма болатындығы туралы таяуда білдім. Енді бүгінгі күні «өткен уақыттардың демалыс күндерін алмасам да, ақшалай компенсация төлесеңіздер екен» деп, мекеме басшыларына өтініш жаздым. Алайда олар «өткен уақытқа демалыс та, ақшалай компенцация да берілмейді», – дейді. Осы заңды ма?
Ардақ Мейіржанов,
Шығыс Қазақстан облысы

Заңгер мамандардың айтуына қарағанда, ҚР Еңбек кодексінің 227-бабына сәйкес мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы олармен келісе отырып, жұмыс беруші бекітетін демалыс кестесіне сәйкес беріледі. Кодекстің 228-бабына сәйкес жыл сайынғы ақылы қосымша демалыс жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен бір мезгілде не мүгедек қызметкердің қалауы бойынша, жұмыс жылының басқа уақытында беріледі. Кодекстің 103-бабымен (3-т.) екі жыл бойынан қызметкерге еңбек демалысының берілмеуіне тыйым салынған. Осыған байланысты, егер кодекске қайшы келіп, қызметкерге мүгедектігіне байланысты демалыс берілмеген болса, оны бермеу себептеріне қарамастан жұмыс беруші қызметкерге дер кезінде берілмеген барлық демалыстарды беруге тиісті. Бұл талап орындалмаған жағдайда сізге тұрғылықты жеріңіздегі Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіне шағымдану қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста