Мұғалім кешке дейін мектепте болуы керек пе?
Мен мектепте жарты жүктемемен жұмыс істеймін. Түске дейін сабақ өтіп болған соң, түстен кейін үйге кетсем, мектеп директоры «тағы осылай қайталанар болса, жұмыстан босатамын» дейді. Сонда мұғалім таңертеңнен кешке дейін мектепте болуы керек пе? Мектеп директорының осы талабы заңды ма?
Қанипа ӨСКЕНБАЕВА, Оңтүстік Қазақстан облысы
Еңбек кодексінің 82-бабына сәйкес:
1. Бес күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда – 7 сағат 12 минуттан және апталық норма 24 сағат болғанда 5 сағаттан аспауы тиiс.
2. Алты күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда – 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауы тиiс.
Егер де сіздің басшыларыңыз сізден мәжбүрлі еңбек етуді талап етсе, сіз құқығыңызды қорғау үшін білім саласындағы жоғарғы мемлекеттік органдарға, облыс орталықтарындағы Бақылау және әлеуметтік департаментіндегі еңбек инспекторына немесе сотқа шағымдануыңызға болады.