Моншаға құмар адамдар оның кез келген ауруға ем екенін айтады. Шынымен де, барлық аурудың шипасын моншадан табуға бола ма?
Гүлжан БАЯЛИЕВА, Талдықорған
Моншаның көмегімен көптеген аурудың алдын алуға болатынын дәрігерлер жоққа шығармайды. Мәселен, тыныс жолдарына суық тию, демікпе, ларингит сияқты созылмалы сырқаттарға бейім адамдарға монша өте пайдалы. Сондай-ақ буын аурулары мен құяң, артрит, миозит тәрізді неврологиялық қолайсыздықтарға жиі шалдығатындарға да оның әжептәуір жағымды әсері бар.
Алайда моншаның керісінше әсер ететін кездері де жоқ емес. Мысалы, ауру қатты асқынып тұрған кезде немесе дене қызуы жоғары болғанда монша ауруды одан cайын өршіте түседі. Сонымен қатар қан айналымы бұзылған жағдайда және жүрек, гипертония ауруларында да ыстық моншаға түсуге болмайды.
Моншаның қаншалықты пайдасы бар?
Последние статьи автора