Біз МАБ-қа тіркелудің артықшылықтары туралы бінеше рет жаздық. Дегенмен, қайталап өтейік: телефон нөмірін МАБ-қа тіркегендер 90-ға жуық қызметті ЭЦҚ-сыз онлайн алу, қажет анықтамаларды әлеуметтік желілердегі мессенджерлер арқылы ресімдеу, құжаттың дайын болғаны туралы хабарлама алу мүмкіндігіне ие. Өте ыңғайлы.
Мобильді азаматтар базасында тіркелудің екі жолы бар.
Біріншісі – ЭЦҚ-сыз тіркелу.
Ол үшін сізге eGov порталындағы виртуалды ассистент көмектеседі. Порталдың оң жақ төменгі бұрышындағы көмекшінің суреті арқылы "Мобильді азаматтар базасында тіркеу"-ді таңдау және бейнеқоңырауды басу қажет. Содан кейін операторға жеке куәлігіңізді көрсетіп, ЖСН мен телефон нөміріңізді және телефонға келетін бір реттік құпия сөзді айтасыз.
Егер компьютеріңізде веб-камера болмаса, смартфоныңыздағы браузер немесе eGov mobile қосымшасы арқылы жоғарыда аталған әрекеттерді қайталайсыз.
Екіншісі – порталдағы жеке кабинетіңіз арқылы тіркелу.
Порталдағы жеке кабинетіңізге кіріп, мобильді телефоныңыздың нөмірін жазасыз және ЭЦҚ-ның көмегімен сұраным жібересіз.
@egovhelpkz