Младие күнтізбесі қандай?

Әлемде жыл санаудың неше түрі бар. Соның ішінде Младие күнтізбесі туралы түсінік берсеңіздер.
Ғани,
Тараз қаласы
Младие күнтізбесі бойынша бір жыл 365 күн немесе 366 күн болады. Бұл уақыт жер шарының күнді толық бір рет айналып шығуына кететін уақытқа тура келеді. 365 күндік жыл әдеттегі жыл деп, ал 366 күн болатын жылды артық жыл не толық жыл деп атайды. Младие күнтізбесі бойынша әр төрт жылдың үш жылы әдеттегі жыл, ал бір  жылы  толық жыл  бола­ды  (халықара­лық келісім бойынша солай). Толық жыл үшін Младие жыл саны 4-ке қалдықсыз бөлінеді. Ал әдеттегі жылдар қалдықсыз бөлінбейді. Мысалы: осы жыл толық жыл, келер 2009 жыл 4-ке бөлінбейтіндіктен, ол әдеттегі жыл болады.Бір жыл 12 айға бөлінеді, айлар үлкен ай және кіші ай деп екіге бөлінеді. Үлкен ай 31 күннен, кіші ай 30 не 29 не 28 күннен болады. Бұл айлар­дың рет тәртібі және күн саны төменде­гідей:
Қаңтар 31 күн, ақпан 29 не 28 күн, нау­рыз 31 күн, сәуір 30 күн, мамыр 31 күн, маусым 30 күн, шілде 31 күн, тамыз 31 күн, қыркүйек 30 күн, қазан 31 күн, қара­ша 30 күн, желтоқсан 31 күн. Ақпан айы әдеттегі жылдарда 28 күн, ал толық жыл­дарда 29 күн. Бұдан басқа, күнтізбеде мына­дай мәселе бар, яғни әр 400жыл сайын 3 күнді күнтізбеден шығарып тастау. Шығарып тастау әдісі төмендегідей: младие жыл санының әр орындағы сан­дардың ішіндегі жүздік және мыңдықтар орнында тұрған сандардың 4-ке қал­дық­сыз бөлінбейтін сандарынан бір күнді шыға­рып тастау. Мысалы: 1300, 1400, 1500-­жыл­­дарының жүздер және мың­дық­тар орнындағы саны 13,14,15, яғни 4-ке бө­лін­бейді, сол себепті осы жыл­дар­дан бір бір күнді шығарып тастайды. Сол үшін осы жылдар әуелде толық жыл болса да толық жыл ретінде алынбайды. 1600 жыл­дағы 16 саны 4-ке қалдықсыз бөлі­не­ді, сондықтан бұл жыл әуелде белгі­лен­гені бойынша толық жыл бола береді.
Қазіргі дүниеде осы күнтізбені қол­да­нады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста