Ең көне миллионер болған қаланы білгім келеді. Дүниежүзінде қай елде миллионер қалалар көп?
Жандос БАЙДАРОВ, Талғар
Әлемде ең бірінші болып миллионер атанған қала – біздің дәуіріміздің бас кезінде Рим қаласы болды. Алайда V-VІ ғасырларда Рим тұрғындары күрт азайып кетті. Жаңа заманда, яғни 1800 жылы миллионер қала болып Жапонияның Эдо (Токио) қаласы атанды. Жер бетінде 1850 жылы осындай миллионер қала екеу болса, 1985 жылы 273-ке жеткен. Ресейдің халқы АҚШ-тан екі есе аз болғанымен, миллионер қалаларының саны бойынша олардан көп. Ел аумағының 0,003 бөлігін алып жатқан Улан-Батор қаласында Моңғолия халқының үштен бірінен астамы шоғырланған екен. Қазіргі кезде миллионер қалаларының саны бойынша Қытай алда келеді. Қытайда – 99 миллионер қала бар. Сол сияқты Үндістанда – 37, Бразилияда – 14, Жапония мен Ресейде – 12, Индонезия мен Мексикада – 10, АҚШ-та – 9, Оңтүстік Кореяда, Пәкістанда – 8, Түркия мен Иранда – 6, Украина, Австралияда, Оңтүстік Африка Республикасында – 5 миллионер қала бар.