Месси мен Криштиану Роналду қай орында?

Бүгінгі таңдағы футбол жұлдыздары Криштиану Роналду мен Лионель Месси Испания біріншілігінде ғана емес, Чемпиондар лигасында да бір-бірімен бәсекелес десек те болады. Аталған қос ойыншы  алғашқы турда хет-трих жасап көзге түскен еді. Менің білгім келетіні, Чемпиондар лигасының жалпы тарихындағы ең үздік сұрмергендер тізімінде осы екі  дәл қазір нешінші орында тұр?
Нүркен Төребек,
Шымкент қаласы
Чемпиондар лигасының 2013/14 жылғы маусымының алғашқы турында «Аякс» пен «Галатасарайдың» қақпасына үш голдан соққан әлемнің ең үздік футболшылары Лионель Месси мен Криштиану Роналду әрқайсысы бір сатыға жоғарылады. Нақтырақ айтсақ, осы уақытқа дейін екінші орында келе жатқан Руд ван Нистелройдан Месси екі допқа ұзап шықты. Ал португал жұлдызы Роналду әйгілі Тьерри Анриді артқа тастап, бесінші орынға тұрақтады.
Дәл қазір Чемпиондар лигасының ең үздік 10 сұрмергені мына футболшылар:
1.Раул Гонсалес – 71 гол
2.Лионель Месси – 62
3.Руд ван Нистелрой – 60
4.Андрей Шевченко – 59
5.Криштиану Роналду – 54
6.Тьерри Анри – 51
7.Филиппо Индзаги – 50
8.Альфредо Ди Стефано – 49
9.Эйсебио– 47
10. Алессандро Дель Пьеро – 44

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста