Халықаралық әйелдер мерекесінде үш күн (8-10 наурыз күндері) демалыс болды. Сол күндері жұмыс істеген қызметкерлерге үш күнге мерекелік қосымша ақы төленуі тиіс пе?
Ардақ ЕСЕНГЕЛДИЕВ, Алматы облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметінше, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 128-бабына сәйкес, мереке және демалыс күндерiндегi жұмысқа қызметкердiң күндiк (сағаттық) ставкасы негiзге алына отырып, кемiнде екi есе мөлшерде ақы төлеу жүргiзiледi.
Осыған орай, егер қызметкер мереке күні жұмысқа тартылса, оған жоғарыда көрсетілген мөлшерде еңбекақы төленеді.
Қызметкердің сағаттық ставкасы оның лауазымдық жалақысын ағымдағы айдағы жұмыс сағаттарының санына бөлу арқылы айқындалады.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес, Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз күні аталып өтеді.
Сондықтан қосымша ақы тек 8 наурыз күніне ғана төленеді.
Мереке күндері жұмыс істеген үшін ақы қалай төленеді?
Последние статьи автора