Жақында елімізде мәдениет саласындағы адамдарға мемлекеттік стипендия берілді. Оның талаптары қандай және оған ұсынысты кімдер жасай алады?
Ермек Бөлекбай, Тараз қаласы
Мемлекеттік стипендияларды берудің өзіндік талап-ережелері бар. Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған, шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ Қазақстанның мәдениетін жасауға, сақтауға және дамытуға зор үлес қосқан дарынды шығармашыл жас қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын беріледі. Шығармашылық одақтар мен мәдениет ұйымдары мәдениет саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік стипендия алушыға берілген қолдаухат пен шығармашылық мінездемені жолдай алады. Мемлекеттік стипендиялар алуға мыналар: Қазақстанның халық жазушысы, халық әртісі, халық суретшісі, еңбек сіңірген қайраткері құрметті атақтары бар немесе әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары болып табылатын; жаңа туындылар жасау және қазақ мәдениетіне үлес қосу үшін шығармашылық әлеуеті бар Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер бола алады.
Мемлекеттік стипендияны мәдениет саласындағы уәкілетті орган жанынан арнайы құрылған Мемлекеттік стипендияларды беру жөніндегі комиссия қорытындысының негізінде Үкіметінің ұсынуы бойынша Мемлекет басшысы тапсырады.
Мемлекеттік стипендия кімдерге беріледі?
Последние статьи автора