Мемлекеттік қызметтегі меритократия қағидаттары қандай?

Соңғы кездері әкімшілік реформа аясында мемлекеттік қызметте мери­то­кра­тия қағидаттары енгізіле бастағанын білеміз. Меритократия қағидалары деген не?
Жасұлан,
Алматы облысы
Меритократия ағылшын тілінен аудар­ған­да «еңбегі сіңгендердің билігі» дегенді біл­діреді. Қоғамды басқарудың бұл түрі мем­лекеттік ұйымның басында ең ақыл­дылар, ең іскерлер, қабілетіне, сіңірген ең­бегіне қарай іріктелген игі жақсылардың отырғанын білдіреді. Меритократия мем­ле­кеттік қызметті кәсібилендірудің де не­гізгі құралы болып табылады. Себебі сі­ңір­ген еңбегіне сәйкес іріктелген кадр әле­уеті мемлекеттік органдарда сапалы ше­шім қабылдай отырып, қоғамның даму үде­рісіне үлес қосады. Мемлекеттік қыз­метте меритократия қағидаты кадрларды ірік­теу және жылжыту үшін ашық конкурс жүйесі негізінде жүзеге асырылады. Өйткені конкурстық жүйе ғана азаматтарға сіңірген еңбегіне, біліктілігі мен қабілетіне сай мемлекеттік қызметке түсудің тең құ­қы­ғын қамтамасыз ете алады. Біріншіден, мем­лекеттік қызметке түсетін әрбір та­лап­кер өзінің қызметіндегі мансаптық өсу жо­лы тек өзінің біліктілігі мен қабілетінің дең­гейіне, яғни өзіне байланысты екенін білуі шарт, сонымен қатар азаматтардың құқығы мен бостандықтарын сақтау өзінің негізгі мін­деті екенін ұғынуы қажет. Әрине, бұл тұрғыда тәрбиеленген мемлекеттік қыз­мет­ші қоғамға пайда әкелетін заңды және не­гіз­ді шешімдер қабылдайды. Екіншіден, мемлекеттік қызметшілердің өз еңбегінің әділ бағаланатынына, мемлекеттік аппа­рат­қа деген сенімін ұялату меритократия қағидатының ажырамас бөлігі. Мемлекеттік қызметте меритократия қағидатының тағы бір жолы мемлекеттік әкімшілік қызмет­ші­лердің қызметін бағалау және оларды ат­тес­таттау болып табылады. Сондай-ақ мем­ле­­кеттік қызметте меритократияны сы­­­бай­лас жемқорлықпен күрестің құралы ре­тінде қарастыру керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста