Қазақстан президенттік басқару жүйесіне жататыны белгілі. Әлемде одан өзге қандай басқару үлгілері бар?
Жәнібек ТАБЫСҰЛЫ, Алматы
Билік толықтай дерлік Президенттің қолында болатын президенттік басқару жүйесі бар. Одан бөлек, Президенттің атқарушы билігі Парламентке тәуелді болып келетін Президенттік республика үлгісі кең таралған. Аралас республикаларға жартылай президенттік, парламенттік-президенттік, президенттік-парламенттік елдерді жатқызамыз. Келесі бір басқару үлгісіне Парламенттік басқару жүйесі жатады. Сондай-ақ Парламенттік конституциялы монархия да қатар жүре береді. Бірақ мұндай үлгіде монархтың қолында шынайы билік жоқ. Ал конституциялық монархия жүйесінде биліктің бәрі монархтың қолында, дегенмен әлсіз Парламент болады. Абсолюттік монархия жүйесінде, билік – тек монархтың қолында. Бұлардан бөлек, бір ғана партияның үстемдігі Конституциямен бекітілген Республикалар немесе әскери диктатура орнаған елдер болады. Сондай-ақ басқару жүйесі жоғарыда аталған ешбір үлгіге жатқызуға келмейтін де елдер болады.
Мемлекеттік басқару жүйелерін қалай жіктейміз?
Последние статьи автора