Қазір «Қолжетімді баспана» бағдарламасымен салынатын үйлердің шаршы метрі қысқартылып жатыр дегенді естіп едім. Сонда шенеуніктердің құрылыс материалдарын арзандату арқылы үйдің құнын түсірудің орнына, пәтерлерді кішірейтіп жатқаны қаншалықты дұрыс? Менің білгім келгені, «Қолжетімді баспанамен» берілетін үйлердің нақты шаршы метрі қанша?
Маржан, Алматы облысы
«Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша тұрғын үй салуға қатысып отырған «Қазақстан ипотекалық компаниясы» мамандарының айтуынша, бұл жоба негізінде тұрғын үйлердің ауданы 35-75 шаршы метр аралығында салынады. «Егер біз бұдан кең қылатын болсақ, онда пәтердің құны да едәуір артады. Бұл ретте біз бірінші тұрғын үйге шынайы мұқтаж қарапайым азаматтардың жағдайын ойлауымыз керек. Әрине оларға 120-150 шаршы метр үй салуға болады, бірақ оны қарапайым жұртшылықтың қалтасы көтере алмайды. Бұл жерде ең бастысы, тұрғын үй құрылысы өзіндік нормативтерге сәйкес салынуы тиіс. Демек, тұрғын үй құрылысы өзіндік стандарттарға сай салынғаны жөн. Мысалы, Кеңес дәуірінде салынған «хрущевкалардың» бір бөлмелері 28-30 шаршы метр болды. Ал біздікі – 35 ш.м. Екі бөлмелі «хрущевка» – 41 болса, біздің бағдарламаның екі бөлмелісі – 48 ш.м. Осы секілді төрт бөлмелі «хрущевка» – 62 шаршы метрден сәл жоғары болса, біздікі 75 шаршы метр болады. Демек, біздікі 7-8 шаршы метр көбірек. Сондықтан мұның шаршы метрі қысқа деуге болмайды»,– дейді компания қызметкерлері.
Мемлекеттік бағдарлама пәтерлерінің шаршы метрі қанша?
Последние статьи автора