Мемлекет пен астанасының атауы бірдей болып келетін елдер көп пе? Болса, бұл елдер қайсы?
Қайрат АЙБЕРГЕНОВ, Алматы облысы
Әлбетте, ел атауы мен астана аты егіз мемлекеттер жетерлік. Олардың көпшілігі әдетте шағын мемлекеттер болып келеді. Атап айтар болсақ, Азия құрлығында: Сингапур – Сингапур, «Кәрі құрлық» Еуропада: Ватикан – Ватикан, Сан-Марино – Сан-Марино, Люксембург – Люксембург, Монако – Монако; «Қара құрлық» Африкада: Алжир – Алжир, Тунис – Тунис, Джибути – Джибути; Америка құрлығында: Гватемала – Гватемала, Панама – Панама секілді ел аты мен астана атауы егіз елдер баршылық. Бұдан өзге ел аты мен астанасының атауы өте ұқсас елдерді айтуға болады. Мәселен, Бразилияның астанасы – Бразилиа (бір әріп айырмасымен), Гвинея-Бисаудың астанасы – Бисау, Андорраның астанасы – Андорра-ла-Велья, Кувейт елінің астанасы – эль-Кувейт, Сальвадордың астанасы – Сан-Сальвадор, Мексиканың астанасы – Мехико.
Мемлекет пен астана атауы бірдей елдерді білеміз бе?
Последние статьи автора