Мектептерде снэк немесе фастфуд өнімдер сататын аппараттардың болуы заңды ма?
Жайнагүл ЕРҒАЗИЕВА, Ақмола облысы
«Балалар мен жасөспірімдердің тәрбие мен білім беру нысандарына арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» ережесінің 308-тармағына сәйкес, сәбилер үйінің, мектепке дейінгі тәрбие және білім беру мекемелерінің, интернатты және жалпы білім беру ұйымдарының, кәсіби және техникалық білім беру мекемелерінің ас әзірлеу бөліктерінде (асхана) құрғақ концентратты негіздегі жылдам әзірленетін бірінші және екінші тағамдар, майонезі бар салаттар, газдалған және энергетикалық сусындар, чипстер, гамбургерлер, соустар мен кетчуптер, сағыздар болмауы керек. Бұл мекемелерде тағам өнімдерін сататын (вендинг) аппараттарға рұқсат етілмейді.
Мектепте қандай тағам түрлері сатылмауы керек?
Последние статьи автора