Мектеп қарауылының жалақысы қалай есептеледі?

Мектеп қарауылының жалақысы қалай есептеледі?

Мен мектепте қарауыл болып істеймін. Есепші менің жалақымды төмендегідей есептеп  отыр: біліктілік разряды – 1, коэффициент 1,39 17696,25*1,39=24597 – лауа­зым­дық жалақы, 24597*50%=12298 – экология, түнгі кезек уақыты үшін – 80 сағат. Осы дұрыс па?
Ерталап,
Қызылорда облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасы маманының мәліметінше, ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 3-тармағына сәйкес, ұйым­дар қызметкерлерінің лауазымдық жалақы­лары (ставкалары) (ЛЖ) атқаратын лауазымда­рының лауазымдар санаттарына жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, та­ға­йындалған біліктілік разрядтарына (жұмыс­шы­лар үшін) қарай лауазымдық жалақыларын (став­каларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициент­терді базалық лауазымдық жа­лақының (БЛЖ) мөлшеріне көбейту жолымен ай­қындалады.
«Күзетші (вахтер)» (1-разряд. Ауысым бо­йын­ша аға міндеттерін орындау кезінде – 2- разряд) кәсібі бойынша тарифтік-біліктілік си­­­пат­тама Бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анық­та­­ма­лығының 1-шығарылымында көрсетіл­ген.
Жұмысшылардың лауазымдық жалақы­ла­­рын (ставкаларын) есептеуге арналған коэф­­фи­циенттер қаулыға 3-қосымшада беріл­ген.
Бүгінде БЛЖ мөлшері 17 697 теңгені құрайды.
Қаулыға 19-қосымшаға сәйкес, мемлекет­тік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар­дың қызметкерлеріне түнгі уақытта жұмыс істе­гені үшін кешкі сағат 22-ден таңғы сағат 6-ға дейін әр сағат үшін сағаттық ставканың 50%-ы мөлше­рін­де қосымша ақы төленеді.
Бұл ретте ауысымдық жұмыс кезiнде қыз­меткерге барлық нақты жұмыс атқарған саға­тына төлем жүргізілетіндігін атап өту қажет, яғни белгіленген лауазымдық жалақы (24 598 тең­ге) қызметкерге жұмыс уақытының ба­лан­сы­на сәй­кес, бір айлық нормаға төленеді. Егер қыз­меткер белгілі бір себептермен айлық нор­мадан артық қызмет атқарса, оған жалақы нақ­ты атқарған жұмыс сағаттарына үйлесімді төленуі тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста