Мектеп оқулықтарындағы олқылықты кім түзейді?

Мектеп оқулықтарындағы олқылықты кім түзейді?

Қазақ тіліндегі оқулықтарға көз жүгіртпіп көрсеңіз, ішінде қате өріп жүр. Әсіресе, Қазақстан тарихы пәніне қатысты көптеген даулы мәселелер бар. Осы қателіктерді қалай түзеуге болады?
Баян,
Шымкент қаласы
Бұл сұраққа Abai.kz сайтында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мырза былай деп жауап берген:
– Бұл сұрақ өте орынды көтеріліп отыр. Қазіргі кезде мектеп оқулықтарының басым көпшілігін бір авторлық ұжым қазақ және орыс тілдерінде әзірлейді. Сол себепті, оқулықтардағы кемшіліктердің көбі екі тілдегі оқулықтарда да кездеседі. Көп жағдайда оқулықтар орыс тілінде жазылып, қазақшаға аударылғандықтан, аудармаға қатысты кемшіліктер бар. Ол қателікті түзеумен айналысып жатырмыз. Біріншіден, қазақ тіліндегі оқулықтарды аудармай, бірден қазақ тілінде жазуды жолға қоюдамыз. Екіншіден, оқулықтарды мемлекеттік сараптамадан өткізгенде оның мазмұнына, жазылу стилі оқушының жас ерекшелігіне сәйкестігіне, оқу әдістемесінің психологиялық-педагогикалық талаптарға сай болуына ерекше назар аударылып отыр.
Қазір Мемлекеттік хатшының тапсырмасымен Ұлттық тарихты зерделеу бойынша құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы Қазақстан тарихының екі базалық оқулығын әзірледі. Ол оқулықтарды тарихшылар талқылады, «Оқулық» орталығынан сараптамадан өтті. Енді тарихшы-ғалымдар мен сарапшылар берген өзгерістер мен толықтыру туралы ұсыныстар бойынша жұмыс жасалып жатыр. Болашақта мектеп оқулықтарындағы барлық деректер сол оқулықтар негізінде берілетін болады.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста