Алдағы Мәжіліс сайлауында депутаттыққа кандидат өз партиясы атынан қандай құжаттар тапсыруға міндетті?
Айман Наурызбекова, Тараз
Тіркелгенге дейін кандидат және оның жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша салық органына табысы және мүлкi туралы декларация тапсырады.
Партиялық тізімдерді тiркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүргізіледі:
Республиканың Әділет министрлігінде саяси партияның тіркелгені туралы құжаттың көшiрмесi қоса тіркелген, саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшірме;
азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтiнiшi;
партиялық тізімге енген әрбір адам туралы өмiрбаяндық деректер;
кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
саяси партияның сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат;
партиялық тізімге енгізілген адамның осы тізімді ұсынған саяси партияға мүшелігін растайтын құжат.
Тіркеуге бір саяси партиядан оған саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санының 30 пайызынан аспайтын адамдар саны енгізілген бір ғана тізім жіберіледі.
Мәжіліс депутаттығына үміткер қандай құжаттар тапсырады?
Последние статьи автора