Мемлекеттік мекемеде жұмыс атқаратын қызметкерге сырқаттануына байланысты материалдық көмек беруге бола ма? Егер болса, жылына қанша рет?
Әмина Рақымбердиева, Алматы облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының айтуынша, Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1400 Қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы ) реттеледі.
Қаулының 6-тармағында ұйымдардың басшыларына кредиторлық берешек болмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе кредиторлық берешегі болмаған кезде мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен смета бойынша салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен қызметкерлердің лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету құқығы берілсін деп белгіленген.
Сонымен бірге аталған мәселе ұйымның ұжымдық шартында, Еңбекке ақы төлеу Ережесімен немесе жұмыс берушiнiң басқа да актiлерiмен реттелуі тиіс.
Материалдық көмек беруге бола ма?
Последние статьи автора