Араб тілді мемлекеттерді Мағриб, Машрық деп атап жатады. Бұл қандай мағына береді және нақты қандай мемлекеттерге қатысты айтылады?
Эльнур ӘДІЛ, Алматы
Орта ғасырдағы араб географтары мен тарихшылары Мысырдан батысқа қарай орналасқан территорияны Мағриб деп атаған. «Әл-Мағриб» сөзінің баламасы «күн бататын тұстағы елдер» деген мағынаны береді. 1956 жылы, яғни Марокко мен Тунис тәуелсіздік алғаннан кейін Марокко королі Мұхаммед V мен Тунистің сол кездегі премьер-министрі Хабиб Бургиба аймақтық «Ұлы Араб Мағрибын» құру туралы идея көтерді. Бұл идея 1989 жылы жүзеге асырылып, Алжир, Марокко, Тунис, Ливия және Мавритания Араб Мағрибының одағын құру туралы келісімге келді. Мағриб аумағына аталған елдермен қатар, Батыс Сахара да кіреді (орта ғасырда мұсылман Испания, яғни, Андалусия да болған). Ал араб тіліндегі «әл-Машрық» сөзі «шығыс» деген ұғымды білдіреді. Машрық елдері деп Ирак, Сирия, Иордания, Палестина және Ливан аталады. Кей кезде Мысырды да Машрықтың территориясына жатқызады.
Машрық пен Мағрибтың мағынасы қандай?
Последние статьи автора