Мамандар өз бетінше ем жасаудың қауіпті екенін айтады

 Тіпті халықаралық зерттеуге сәйкес, әлем бойынша халқы вирусқа сенбейтін елдердің тізімінде көш бастап тұр екенбіз. Есесіне, желіде екінің бірі вирусолог болып кеткен. Аты жаман аурудан емделудің түрлі жолдарын ұсынып әлек.

Халықтың дені де ақылайтқыштардың сөзіне еріп, өздігінен емделуге көшкен. Алайда бұл қаншалықты дұрыс? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Міне, әлем бойынша вирустан жарты миллионнан астам адам көз жұмса да, біздегі халық оның барына әлі де сенбейді. Дәлірек айтсам, қазақстандықтардың 61 пайызы коронавирусты жай ғана тұмау деп есептейді. Бұл дүниежүзі ғалымдарының зерттеуі. Соған сәйкес, әлем бойынша халқы вирусқа сенбейтін елдердің тізімінде алғашқы үштікте екенбіз. Хош. Есесіне елде індет тарағалы, желіде екінің бірі вирусолог болып кеткен бізде. Әсіресе, инфекцияны емдеудегі небір тәсілдердің төресін, желідегі әңгімелерден көресің.

«Мынаны жауып бүркіп, мына жақтан ауа кірмеу керек. Осылай енді аузымен, мұрынмен демалуға болады. Сөйтіп, содовый пар деп осыны айтады».

«Соданы қайнатып, буымен демалсаңдар, инфекцияны өлтіреді.

«Өкпе қуыстарына сода барады да, сонда инфекцияның бәрін өлтіретін болады. Күніне 3-4-5 рет істесе де, зияны болмайды»

Мен айтқан шөптерді тауып, ішсеңдер, денедегі аурудың бәрін кетіреді.

Ал кей пысықайлар, үй жағдайдында жасанды тыныс алу аппаратын жасаудың қыр-сырын да үйретеді.

Одан бөлек, желіде аспирин мен парацетомол коронавирустың алдын-алуға көмектеседі деген ақпараттар да тарап жүр.

«Әлеуметтік желілерде тараған осындай хабарламалардың салдарынан халық жаппай дәріханаларға ағылды. Қазір аспирин мен парацетомолдың, дене қызуын түсіретін басқа да препараттардың жетіспеушілігі байқалады. Алайда жоғарыда аталған дәрілер ковид-19-ға қарсы ем бола алмайды. Соны халық түсінбейді. Ал енді шынымен температурасы көтеріліп, тұмау болып ауырып қалғандарға дәрі қалмады», - деді денаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Қысқасы, ақыл айтқыштардың көптігінен, халық кімнің дұрыс, ал кімнің бұрыс сөйлеп тұрғанын ажырата алмайтын деңгейге жетті. Бұған қатысты білетіндер бүй дейді.

«Мен бірден айтайын, желіде тараған кеңестердің барлығы шындыққа жанаспайды. Бұдан денсаулығыңызға зиян тимесе, пайдасы болмайды. Вирустан қорғанудың бір-ақ жолы бар бұл сақтық шараларын сақтау! Маска таңығыз, үйден тек керек кезде ғана шығуға тырысыңыз. Болды. Одан бөлек, иммунитетті көтеретін дәрумендерге толы тағамдарды көбірек жеңіз. Сондай-ақ, күніне кемі жарты сағат жаттығу жасаңыз. Міне вирустан өзіңізді тек осындай жолмен ғана қорғай аласыз», - деді иммунолог Рафаил Розенсон..

Ал, өзіңізді жайсыз сезініп, денеңізден вирустың белгілерін байқадыңыз ба, міндетті түрде дәрігерлерге жүгіну керек. Бірақ еш жағдайда өздігінен ем қабылдауға болмайды. Өйткені жөнсіз пысықтығыңыз, жұқпалы дертті одан сайын асқындыруы мүмкін. Ақ халаттылар солай дейді.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста